Семеновка ауылы №11 негізгі мектебінің
2017 – 2018 оқу
жылының І тоқсан
бойынша тәрбие жұмысының есебі
Тәрбие жұмысының
мақсаты:
«Оқушылардың бойына азаматтық рухани ізгілікті,
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру»
Тәрбие жұмысының басым бағыттары:
Қазақстандық патриотизм және
азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты;
тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы
қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру
даярлығын қалыптастыру.
Мектебіміздің жаңа 2017-2018 оқу жылының
басталуын білдіретін ерекше күн ол - Білім күні. Мектебіміз де осы күні барша
қонақтарға, оқушылар мен ата – аналар, ұстаздарға есігін айқара ашты. Мектепте Білім күніне арналған «Мен өз елімнің патриотымын»
тақырыбында салтанатты сап түзеу өтті. Салтанатты саптүзеуде мектеп директоры Абдуалиев Т.З.оқушыларға, ұстаздарға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Мектеп қонақтары :
Целиноград ауданының білім бөлімінің кәсіподақ төрайымы Сатыбалдин
К.С. мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге, мектеп оқушыларына жаңа
оқу жылында сәттілік тіледі.
Сап түзеуде бірінші сынып оқушылары өлең оқып, би биледі. Мектеп
түлектері мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші
сынып оқушыларына өз тілектерін өлең шумақтары арқылы жеткізді. Алғашқы қоңырауды соғу рәсімі тоғызыншы сынып оқушысы Волков Кирилл және бірінші сынып оқушысы Конопьянова Жансаяға берілді.
Мектебімізде 2 қыркүйек күні осы
тақырыпта сынып сағаттары да ұйымдастырылды. Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты:Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің
жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен
және дәстүрлерімен
келісілген рухани-адамгершілік және
этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын
қалыптастыру.
1 – қазан Халықаралық қарттар күніне мектебімізде
мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл күні
мектебіміздің төріне қариялар мен қонақтар жиналды. Мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.
Мерекелік концертте ең алғашқы құттықтау лебіздері ауыл ағаларына
Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің
үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Осындай
өнегелі де ардақты
жандардың мерекесіне арнап Кен негізгі мектебінде 3 –
қазан күні толықтай
таңертең ұстаздарды қарсалып құттықтаудан бастап,
сабақ беру, мерекелік
концертке дейін оқушылардың ұйымдастыруымен өтті.