«Ақмола обласы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі «Қараменді батыр  ауылының жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Караменды батыра отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары

   Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары

   1. Жалпы ережелер

      1. Осы орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің қағидалары (бұдан әрі – Психологиялық қызмет) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 2-тармағындағы 24-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ақмола облысы орта білім беру ұйымдарының психологиялық қызметін ұйымдастырудың және жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
      2. Психологиялық қызмет Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, сондай-ақ осы Қағидалардың аясында жүзеге асырылады.
      3. Психологиялық қызметтің құрамына кіреді педагог-психолог, әлеуметтік педагог.
      4. Психологиялық қызметтің құжаттамасы:
      1) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырудың осы қағидаларын;
      2) орта білім беру ұйымының басшысымен бекітілген Психологиялық қызметтің күнтізбелік жұмыс жоспарын;
      3) орта білім беру ұйымдарының басшымен бекітілетін психологиялық диагностикалау (бұдан әрі - психодиагностикалау), психологиялық тренингтердің, дамыту және түзету жұмыстарының бағдарламаларын;
      4) психологиялық сабақтардың, тренингтердің және басқа да жұмыс түрлерінің әдістемелік әзірлемелерін;
      5) психодиагностикалық әдістемелердің деректер банкі мен тізбесін;
      6) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық дамуы туралы жеке карталарын топтық психологиялық портреттерін;
      7) психологиялық тексерудің нәтижелерін, қорытындысы мен ұсынымдарын;
      8) орта білім беру ұйымы басшысының мөрімен бекітілген психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік жұмыстарды, жеке және топтық консультация беру, психологиялық қызметке сұраныс беру) есепке алуды тіркеу журналын;
      9) белгіленген кезеңдерде (жартыжылдық, жылдық) Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалы есептерді қамтиды.

   2. Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері

      5. Психологиялық қызметтің мақсаты – орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
      6. Психологиялық қызметтің міндеттері:
      1) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
      2) білім алушыларға, тәрбиеленушілерге ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан көмек көрсету;
      3) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
      4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуетін дамыту;
      5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың және тәрбиеленушілердің мәселелерін шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
      6) психологиялық мәселелерді шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар (заңды өкілдіктер) мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;
      7) білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.
      7. Психологиялық қызмет өз қызметін психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады.
      8. Психодиагностикалық бағыттар:
      1) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық диагностикалау;
      2) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;
      3) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау;
      4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.
      9. Консультациялық бағыттар:
      1) білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, ата-аналар мен педагогтарға олардың сұранысы бойынша консультация беру;
      2) білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, ата-аналар мен педагогтарға жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау мәселелері және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;
      3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға, тәрбиеленушілерге психологиялық қолдау көрсету;
      4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.
      10. Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:
      1) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және педагогтардың өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;
      2) білім алушылар, тәрбиеленушілер бейімсіздігінің психологиялық алдын алу;
      3) педагогтарды аттестаттауда әлеуметтік-психологиялық қолдау;
      4) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдарының жұмысына ықпал ету.
      11. Түзету-дамытушылық бағыттар:
      1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткізу;
      2) білім алушылар, тәрбиеленушілер мен педагогтардың тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;
      3) тұлғааралық жанжалдық қатынастарды түзету.
      12. Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар:
      1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері аясында шығатын мәселелерді шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға тағы басқа) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу;
      2) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізу.
      13. Психологиялық қызметтің жұмысын тиісті саланың уәкілетті органы үйлестіреді.
      14. Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен жүзеге асырылады.
      15. Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен, психологиялық орталықтармен, тәжірибелі психологтар кафедралары және қауымдастықтарымен өзара әрекеттеседі.
      16. Психологиялық қызметтің педагог-психологі өз қызметінде:
      1) осы Қағидаларды басшылыққа алады;
      2) өзінің кәсіби құзыреттілігі аясында шешім қабылдайды;
      3) жалпы психологияны, педагогикалық психология мен жалпы педагогиканы, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, психодиагностика, психологиялық консультация беруді және әлеуметтік, практикалық және жас ерекшеліктік психология саласындағы психологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін білуі қажет;
      4) диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық түзету және консультативтік-профилактикалық жұмыстардың ғылыми-негізделген әдістемелерін қолданады;
      5) белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық тренинг байланысының әдістерін, жеке және топтық кәсіптік консультациялар берудің, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қалыпты дамуының диагностикасы мен түзетуді заманауи әдістерін біледі;
      6) барлық оқу кезеңінде білім алушының, тәрбиеленушінің жеке-психологиялық ерекшелектерінің психологиялық диагностикасын жоспарлайды;
      7) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тұлғалық қалыптасуындағы және дамуындағы ақаулықты анықтайды;
      8) білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтарға, ата-аналарға жеке, кәсіптік және басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсетеді;
      9) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайдағы педагогтарға, білім алушыларға, тәрбиеленушілерге психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асырады;
      10) білім алушылардың бейәлеуметтік әрекеттерінің алдын алады және оларды уақытылы түзетуді жүзеге асырады;
      11) өзінің кәсіптік құзыреттілігін және біліктілігін арттырады;
      12) білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
      13) зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды;
      14) дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады;
      15) білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар арасында психологиялық мәдениетті қалыптастырады;
      16) білім алушылармен, ата-аналармен және педагогтармен психодиагностикалық, консултациялық, ағартушылық-профилиактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстардың нысанын және әдісін таңдайды;
      17) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтардың жеке істерімен танысады;
      18) түзету және дамытушылық бағдарламаларын және психологиялық жұмыстың жаңа әдісін жасауды талқылауға қатысады;
      19) жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен және тәжірибелі психологтар қауымдастықтарымен байланысты қолдайды;
      20) Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту мәселесі бойынша білім беру органдарына ұсыныспен шығады;
      21) пәндік кафедралардың және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумның, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің жұмысына қатысады.
      17. Педагогикалық қызметтің педагог-психолог мамандығы бойынша жоғары білімі болуы керек.
      18. Педагогикалық қызметтің педагог-психологі:
      1) психологиялық диагностикалау нәтижелерінің нақтылығын, пайдаланылған диагностикалық және түзетушілік әдістердің барабарлығын, ұсынымдар мен қорытындылар негізділігін, психологиялық ақпараттың құпиялылығын;
      2) Психологиялық қызметтің есепке алу-есеп беру құжаттамаларының жүргізілуін және сақталуын;
      3) кәсіптік психологиялық этиканың сақталуын қадағалайды.

   3. Қорытынды ереже

      19. Психологиялық қызметтің жұмысын орта білім беру ұйымының басшысы қамтамасыз етеді.



 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Жаңартылған күні: 28.03.2022 13:00
Құрылған күні: 28.03.2022 13:00

Текст