«Ақмола обласы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі «Қараменді батыр  ауылының жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Караменды батыра отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметтi ұстаздар, бiлiм саласының қызметкерлерi, педагогикалық еңбек ардагерлерi!

05.10.2020

Құрметтi ұстаздар, бiлiм саласының қызметкерлерi,
педагогикалық еңбек ардагерлерi!

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiз — ұстаздар күнiмен шын жүректен құттықтаймын! Сiздердiң парасатты әрi ауыр еңбектерiңiз қоғамда лайықты кұрметке ие. Бұл сiздерден жоғары кәсiбилiктi, даналықты, шыдамдылықты, өз iстерiңiзге жан-тәндерiңiзбен берiлудi қажет ететiн еңбек. Кез-келген адамның тұлға ретiнде қалыптаса бастауы кезiнде жанынан табылатын да, өз бетiмен ойлау, дұрыс шешiм қабылдау, өзi жасаған таңдау үшiн жауапкершiлiктi мойнына алуды үйрететiн де сiздер. Құрметтi мұғалiмдер мен оқытушылар, сiздерге өз кәсiптерiңiзге деген адалдықтарыңыз бен балаларымызға сыйлайтын жан жылулықтарыңыз үшiн шын көңiлiммен ризашылығымды бiлдiруiме рұқсат етiңiздер. Ауданымыздың бiлiм беру жүйесiн дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусiз үлес қосқан педагогикалық еңбек ардагерлерiне ерекше алғысымды бiлдiргiм келедi. Көп жылғы тәжiрибелерiңiз, даналықтарыңыз бен төзiмдiлiктерiңiз алдағы уақытта да күрделi кәсiби мiндеттердi шешуде сiздерге жәрдем беретiнiне сенiмдiмiн. Осындай мереке күнi жүректерiңiз жырға, құшақтарыңыз гүлге, жанарларыңыз қуанышқа толы болсын! Сiздердiң дендерiңiзге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектерiңiзге шығармашылық табыстар тiлеймiн!

Просмотров: 396


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст