Текст
3 мамыр күні облыстық оқушылар спартакиадасы бағдарламасына сәйкес, жеңіл атлетика жарысының аумақтық кезеңі Жаңаесіл ауылында өтіп, сайыста 1 және 2 орын алған оқушылар аудандық, яғни ақтық кезеңге өтті. Біздің мектебімізден финалдық кезеңге өткен Бигелдынова Жаннұр мен Сембиева Жанел 4 мамыр күні Ақмол ауылында өткен үздіктер сайысында бақ сынап, Жаннұр 5 орын алса, Сембиева Жанел 1500 м жүгіруден алдына жан салмай, жүлделі 1 орынға қол жеткізіп, облысқа жолдаманы ұтып алды. Жел аяқ оқушымызды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы облыстық кезеңде аудан намысын абыроймен қорғап, жүлдемен оралуына тілектестік білдіріп, сәттілік тілейміз!