«Ақмола обласы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі «Қараменді батыр  ауылының жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Караменды батыра отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы мектептік ата-аналар комитетінің отырысы.

19.12.2023

Директордың ТІЖО Д. Ш. Сатвалдинова мектептің ата-аналар комитетінің жұмысы туралы ережемен таныстырды. Ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары қаралды, іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелері талқыланды.
Ата-аналар комитеті алқалы басқару органы болып табылады және мектеп Жарғысына сәйкес жұмыс істейді.
Ата-аналар комитеті қоғамдық басқару органы болып табылады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес мектеп әкімшілігімен, мектеп кеңесімен, педагогикалық кеңеспен және басқа да қоғамдық басқару органдарымен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Мектептің ата-аналар комитеті педагогикалық ұжымға білім беру процесін, оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруға және білім алушыларды әлеуметтік қорғауға көмектесу мақсатында құрылады.
Ата-аналар комитеттері мектептің әр сыныбында сыныптың қоғамдық өзін-өзі басқару органы ретінде құрылады.
Ата-аналар комитетінің негізгі міндеттері:
білім беру процесін жүзеге асыру, білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жеке тұлғаның еркін дамуы үшін жағдайларды жетілдіру;
білім алушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;
жалпы мектептік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
мектептің басқару органдарымен, әкімшілікпен білім беру процесін жетілдіру, оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық;
мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қатысу.
Жалпымектептік ата-аналар комитетінің төрағасы: Рикичинская Екатерина Юрьевна

Просмотров: 3379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст