Ұлылықтың тойы ұлт алдындағы ұлы міндет
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, ұлы ақынымыздың шығармашылығын насихаттау,өскелең ұрпақты поэзияға баулып,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру мақсатында, мектебіміз «Абай оқулары» байқауын жоғары деңгейде атап өтті.
Екі номинация бойынша оқушыларымыз қатысып жүлделі орындарға ие болды. «Білімдіден шыққан сөз» номинациясы бойынша 4 сынып оқушысы Құсман Айдос жүлделі бірінші орынды иеленіп,аудандық «Абай оқуларына» жолдама алды. Екінші сынып оқушысы Рикичинская Дарья жүлделі екінші орынды иеленсе,төртінші сынып оқушысы Пелих Екатерина үшінші орынды қанжығасына байлады.
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» номинациясы бойынша 5 сынып оқушылары Урманбаева Айсен мен Елегенова Назерке жүлделі бірінші орынды иеленіп, аудандық «Абай оқуларына» жолдама алды.Мектебіміздің бірінші сынып оқушылары да Абай өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, көрерменді тәнті етті.Байқаудың жүлдегерлері мақтау қағаздарымен марапатталды. Жас шығармашыл,талантты оқушыларымыз аудандық кезеңге дайындық үстінде. Талантты да дарынды оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
Ұлылықтың тойы ұлт алдындағы ұлы міндетімізді атқару үшін алғашқы қадамымызды жасадық.Алдағы уақытта мерейтойымызды бұдан да жоғары деңгейде атап өту жоспарымызда бар.
Қараменді батыр ауылы №11 негізгі мектебі
Мұғалім: Эльмира Төлегенқызы