"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қараменді батыр ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету қызметі 2023-2024 оқу жылының 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызға дейін өткізілетіні туралы хабарлайды.
Құжаттарды қабылдау ата-аналардың электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz портал базасында. Өтініш беру үшін өтінішті сайт арқылы толтырып тиісті құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса беру қажет: ❖ Баланың туу туралы куәлігі; 026/у-3 нысаны бойынша "бала денсаулығы құжаты" ҰБТ, 065/у нысаны бойынша бала денсаулығы бойынша құжаттар; ❖ 3х4 см баланың суреті.