2 сәуір күні үш айға созылған футзалдан Астана қаласының біріншілігі өз мәресіне жетіп, марапаттау рәсімі болып өтті. Осы біріншілікке қатысқан Қарамеңді батыр футбол командасы жүлделі 2 орынды иелендік. Сонымен қатар, турнирде өнер көрсеткен 250-дей спортшының біреуіне ғана берілетін «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша командамыздың мүшесі Абенов Данияр ең үздік деп танылды.
Командамыздың қала біріншілігіне қатысуына қаржылай көмек көрсеткен ел ағаларына алғысымызды білдіргіміз келеді! "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" демекші, ол кісілердің есімдерін атап өткеніміз жөн болар:
1.Шрамко Дмитрий
2.Бай Жер ЖШС
3.Теміров Қанат
4.Чигарев Сергей
"Ерім дейтін Ел болмаса, Елім дейтін Ер қайдан шығады" дейді қазақ, ауылымыздың мәдени, спорттық жағынан дамуына зор үлес қосып жүрген сауапты істеріңізге
Команда капитаны: Ардақ Наған