«Ақмола обласы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі «Қараменді батыр  ауылының жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Караменды батыра отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

10.06.2017

Аттестат беру рәсімінің сценарийі

Сценарий вручения аттестатов

 

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты

ұстаздар, ардақты ата - аналар және мектеп бітіруші түлектер!

Бүгінгі

аттестат беру салтанатты рәсіміне қош келдіңіздер.

 

Ведущий

: Добрый день, дорогие друзья! Хороший летний день! Вот и прозвучал

последний звонок, сданы экзамены. Окончен 

9 класс. Кто-то из выпускников останется в школе. Для них

главный выпускной еще впереди. Ну а для тех, кто захотел получить

профессию в других учреждениях, этот день станет прощальным

со школой, с друзьями — одноклассниками.

 

Жүргізуші: Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,

Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.


Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз

құтты болсын ата - ана,

Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

 

 

Ведущий

:

Школа — самый лучший друг,

Второй наш дом родной,

Где постигали курс наук

Мы дружною семьей.

 




Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қымбатты ата-аналар мен қонақтар! Түлектеріміз

емтиханды ойдағыдай тапсырып, келесі өмір аялдамасына дайындалуда.

Ведущий: Дорогие учителя, уважаемые родители и гости!

Мы рады сообщить вам, что все выпускники успешно сдали экзамены.

 

Жүргізуші: Ортаға бүгінгі жиынымыздың басты қонақтарын шақырайық.

 

Ведущий 1: В зал приглашаются выпускники девятых классов.

(Выпускники рассаживаются).

Жүргізуші: Түлектерімізге арналған аттестат беру салтанатты рәсімі мерекесі ашық

деп жарияланады.

 

Ведущий 1: Праздник, посвященный  вручению аттестатов выпускникам 9

класса  считается открытым.

 

 

Жүргізуші: Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.

Мектептен басталады бәрі – бәрі

Бүгінгі салтанатты кешімізде

Шырқалсын Қазақстан әнұраны.

(Ән ұран

ойналады.)  (Звучит ГИМН РК).

Жүргізуші: «Мәңгілік Ел ата-бабамыздың

сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем

елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз

мемлекет атану еді, ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы

ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа

айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар

ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел

идеясы, Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге

арналады.

Ведущий

 Мәңгілік Ел – это

Общенациональное единство, мир и согласие.

У нас одна Родина – Независимый Казахстан, у нас Одна страна – Одна

судьба.

Народ, который верен великому делу мира и согласия, будет существовать

тысячелетиями.

 

Жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мен аттестат

тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Абдуалиев Талғат Зейнелұлына

тапсырылады.

(Салтанатты түрде аттестат

тапсыру)

Ведущий: Слово для поздравления  и вручения аттестатов предоставляется

директору школы: Абдуалиеву Т.З

ПОЗДРАВЛЕНИЕ

ДИРЕКТОРА ШКОЛЫ  (вручение аттестатов)

Ұстаздар жақсылықтың жол  ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің болашағы

Өмірді алға қарай өрлететін

Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- дей отырып,

кезекті әсем әнге жолдаймыз. Ән: «Ұстазым» орындайтын Елегенова Сабина

Ответное слово выпускников

(Исполняют частушки)

Ендігі кезекті

түлектеріміздің өздері жайында дайындаған мектеп өмірінен сыр шертетін

бейнероликке берейік.

Жүргізуші:

Қиындықтар мойытпасын

сендерді,

Батылдық пен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар енді елді

Қыран болып ұшыңыз,

Оқуларға түсіңіз.

Еңбекте көп қуаныш

Елде талай туар іс.

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп.

Мерейлі боп күніңіз

Мектепке кеп тұрыңыз.

Сағынамыз күн сайын,

Кездесейік жыл сайын.

Сіздерге жалын жүрекпен

Айтамыз достық тілекпен.

Әрқашан сәтті жол болсын

Сапарларыңыз оң болсын

деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.


Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп

түлектері. Бүгінгі аттестат алу кеші осымен аяқталды. Келгендеріңізге мың

алғыс!

Просмотров: 929

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст