«Ақмола обласы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі «Қараменді батыр  ауылының жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Караменды батыра отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.12.2017

Директор жанындағы кеңес                                       Хаттама

Семеновка ауылы №11 НМ бойынша

жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу ақпараттық есебі.

Күні: 03.11.2017ж

Қатысқаны: 28

Күн тәртібінде

І тоқсан бойынша

жасөспірімдердің арасында суицидтің алдын алу ақпараттық есебі

Тыңдалды:Семеновка ауылы №11

негізгі мектебінде қыркүйек айынан бастап «Жасөспірімдер арасында суицидтің

алдын-ал» мақсатында атқарылған іс-шараларға тоқталсақ14.09-14.10 уақыты

аралығында бір ай көлемінде профилактикалық іс-шаралар болып

өтті.

      Қыркүйек

айының 15-ші жұлдызында 8-9 сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен жиналыста

ата-аналар қауымы: Жасөспірімдер неге мұндай іс-әрекетке барады? Себептері

қандай? Суицидке бейім оқушының мінез-құлқында қандай ерекшеліктер бар? –деген

сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ оқушыларымыздың ішінде суицидке бейім оқушыны

анықтау мақсатында арнайы тест алуға рұқсат сұрадық, алайда ата-аналардың 65%

-ы қарсылық білдірді, сол себепті оқушылардан тек «Сізде уайым дерті бар ма?» ,  «Стресс тест для старшеклассников» сияқты

жеңілдендірілген тест алынды. Тест нәтижесі бойынша оқушылардан айқын суицид

белгілері табылған жоқ, дегенмен тест нәтижесінде төмен нәтиже көрсеткен 3

оқушымен жеке жұмыс  жүргізіліп, оларға

психологиялық кеңес берілді 1-5 сынып оқушыларының көңіл-күйлерін бақылау

мақсатында «Менің көңіл-күйімнің түсі» бақылау парағы енгізілді, нәтижесінде

оқушылардың көңіл-күйлерінің жақсы деңгейде екені олардың ашық-жарқын түстерді

таңдауынан байқалды.

   Қыркүйек айының 26-шы жұлдызында

7-8-9 «А» сынып оқушыларымен «Өміртамаша» атты 

тренинг өтсе, 7-8-9 «Б» сынып оқушыларымен «Жизнь прекрасна» тренингі

өтті.  Психолог  стендіне «Стресспен күресе білесің бе?»

тақырыбымен стресспен күресудің жолдары туралы ақпарат ілінді. Оқушыларға

қандай да бір қиын жағдайға тап болғанда қоңырау шала алатын мектебімізде

«Сенім телефоны» үнемі жұмыс істейтіндігі жөнінде ақпарат берілді, сондай-ақ өздеріңізге

белгілі 7-8-9 сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне жасөспірімдерде болатын

жасерекшелік мінез-құлықтарынан хабар беріп, оқушымен қарым-қатынаста осы ерекшеліктерді

естен шығармаулары үшін естелік парақшалар таратылды.

Шешімі: 1.1.Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу мақсатындағы

жұмыстар ІІ тоқсанда да өз жалғасын тапсын

1.2. 7-9 сынып жетекшілері оқу жылына бір рет Жасөспірімдер

арасында суицидтің алдын алу мақсатында тәрбие сағатын өткізсін

 

 

 

Просмотров: 519

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст