Қараменді батыр ауылының жалпы орта мектебінде өткізілген
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы »
өзін-өзі тану онкүндігінің мәтінді есебі
01.02-11.02.2022 жыл
Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, дене, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани –адамгершілік білім беру жүйесі өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.
Ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани –адамгершілік білім беруді басты идея ұстанатын «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама болып отыр.
Бұл пәннің негізгі мақсаты - адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп,өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік әлеуетін көтеру,жеке тұлғаның өзіндік «Менін» қалыптастыру.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту мектептің бірінші сыныбының бүлдіршіндерінен бастау алады. Бұл пәнмен танысу арқылы оқушылар жақсы мен жаманды ажыратып, өз бойларыңда игі қасиеттерді қалыптастырады. Отанды қорғауды, туған жерді қадірлеуді, табиғатты аялауды, ата-ананы сыйлауды үйренеді.
«Өзін-өзі тану » пәнінен үйренген құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді адамдармен қарым-қатынаста, үлкендерді құрметтеуде, достарымен сыйласуды көрсетеді
«Өзін-өзі тану» пәні өз-өзімізді және қоршаған ортаны тануда көптеген жаңалықтар мен қызықты дүниелерге жол ашты. Даналық сөздердің мәнін ұғынып, өнегелі аңыз-әңгімелерді оқып-білу арқылы өздерін және басқа адамдарды, өмірді тануға мүмкіндік алып, адамгершілік қарым-қатынастың мәнін ұғынады. Оқушылар өзін-өзі тану сабақтарында әңгімелесу, сан алуан сауалдарға жауап іздеу, қызықты, шығармашылық тапсырмаларды орындау, жағдаяттарды шешу, сахналық көріністер арқылы өздерін қызықтыратын, толғандыратын мәселелердің шешімін тауып келеді.
«Бақытты болғын келсе, ізгі істерге бойыңды үйрет, жаман әдеттен қаш»,- дейдіхалық даналығы. Осыған орай мектебімізде “Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы” тақырыбына арналған онкүндік уақытында 1 ақпанында басталды.
Декада самопознания