07.09.2021
"Мектепке жол " республикалық қайырымдылық акциясы
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы екінші жыл қатарынан жыл бойы өткізіліп келеді.
"Мектепке жол" акциясының басты мақсаты - аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білім алушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету.
Жыл сайын Қарамеңді батыр ауылының негізгі орта мектебінде демеушілер қаражаты есебінен көп балалы және әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан оқушыларға кеңсе тауарлары түрінде көмек көрсетіледі. Жаңа оқу жылында 10 оқушы 40 000 теңгеге кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілді.