«Ақмола обласы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі «Қараменді батыр  ауылының жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Караменды батыра отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Гуманитарлық цикл мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2021-2022 оқу жылындағы жұмысы туралы есеп

01.07.2022

2021-2022 оқу жылындағы гуманитарлық пәндер бірлестігінің

жылдық жұмысының қорытынды есебі

 

 Гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің құрамына 13 мұғалім кіреді. Мұғалімдер сапасының құрамы талапқа сай. Маман емес мұғалімдер жоқ. Жоғары білімді – 12 мұғалім,арнаулы орта білімді-1 мұғалім. 1 мұғалім – Педагог-зерттеуші , 4 мұғалім – Педагог-сарапшы, 7 Педагог-модератор , санаты жоқ мұғалім – 1.

2021-2022 оқу жылындағы  гуманитарлық пән мұғалімдерінің сапалық құрамын төмендегі кестеден көруге болады:

Т.А.Ж

Білімі

Еңбек өтілі

Біліктілік санаты

Мекен-жайы

1

Қасымова Жанар Кусегеновна

Қазақ тілі пәні мұғалімі

жоғары

15жыл

Педагог-зерттеуші

Қарамеңді батыр ауылы

2

Макишева Эльмира Тулагановна

Қазақ тілі пәні мұғалімі

жоғары

7жыл

Педагог-сарапшы

Қарамеңді батыр ауылы

3

Костин Қуандық Хайдарович

Қазақ тілі пәні мұғалімі

жоғары

8жыл

Педагог-сарапшы

Жаңаесіл ауылдық округі

4

Сембина Тоғжан Сергалиевна

Қазақ тілі пәні мұғалімі

жоғары

    1 жыл

Жас маман

Жаңаесіл ауылдық округі

5

Сейткужина Айдана Канатовна Қазақ тілі пәні мұғалімі

жоғары

8 жыл

Педагог-сарапшы

Жаңаесіл ауылдық округі

6

Абилова Татьяна Петровна

Орыс тілі пәні мұғалімі

орта

20жыл

Педагог-модератор

Жаңаесіл ауылдық округі

7

Никитина Юлия Александровна

Орыс тілі пәні мұғалімі

жоғары

6 жыл

Педагог-модератор

Қарамеңді батыр ауылы

8

Ханафина Жулдуз Рамазанқызы

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

жоғары

22жыл

Педагог-модератор

Талапкер ауылы

9

Дүйсенова Салтанат Бегдильдиновна

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

жоғары

14жыл

Педагог-модератор

Қарамеңді батыр ауылы

10

Төлеген Толғанай

Саянқызы

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

жоғары

2жыл

Педагог-модератор

Нұр-Сұлтан қаласы

11

Едрес Жәнібек Шорманұлы

Тарих пәні мұғалімі

жоғары

14 жыл

Педагог-сарапшы

Қарамеңді батыр ауылы

12

Жанулу Асель Алексеевна

Тарих пәні мұғалімі

жоғары

3 жыл

Педагог-модератор

Жаңаесіл ауылдық округі

13

Әшім Оразгуль Хамитқызы

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

 

жоғары

3 жыл

Педагог-модератор

Нұр-Сұлтан қаласы

 

 

Тамыз айының соңғы күндерінде гуманитарлық пән мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы өтті.Отырыста мұғалімдер нормативтік құжаттармен,соның ішінде мемлекеттік стандарт,әдістемелік нұсқау хат және пән бойынша бағдарламалармен танысты.Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары талданып,бекітілді.

 

              Бірлестік  алғашқы жұмысын 22 қыркүйек Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күніне арналған  іс- шараларының  жоспарынан бастады.

 Мерекелік іс-шараны    2021-2022 оқу жылының  06.09-13.09 қыркүйек аралығында өткізу жоспарланып,бекітілді.

Өткізілетін іс-шараның

тақырыбы

Өткізілетін

күні, орны

Қатысушылар

Жауаптылар

1

«Тіл-достықтың кепілі» атты апталықтың ашылу салтанаты

Мектебіміздің инстаграм желісінде 06.09.21

 

2-9 сынып

 

Тіл мамандары       

2

 «Тіл – әр халықтың байлығы» кітап көрмесі

Кітапхана 07.09.21

2-9 сынып

Дубицкая Н.А

3

 

«Дарабоз» интеллектуалды ойыны

Тарих кабинеті 08.09.21

7-9 «А» сынып

Костин Қ.Х

Сембина Т.С

4

«Побольше языков усвой,государственный и свой» интеллектуалды ойыны

Орыс тілі кабинеті 09.09.21

5«А» ,5«Б» сынып

Абилова Т.П

Төлеген Т.С

5

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Адамдық пен білімнің диқаншысы» атты танымдық сағаты

Қазақ тілімен әдебиеті кабинеті

10.09.21

5-9 «Б» сынып

Қасымова Ж.К

6

«Мемлекеттік тіл - менің тілім»мәнерлеп оқу сайысы

Мектебіміздің инстаграм желісінде.

10.09.21

2-9 сынып

Макишева Э.Т

7

«Тіл-достықтың кепілі» атты апталықтың жабылу салтанаты

Мектебіміздің инстаграм желісінде.

13.09.21

2-9 сынып

Тіл мамандары.

 

              Тілдер апталығы жоспар бойынша өтілді.Апталықтың ашылу салтанаты мектебіміздің инстаграмм желісінде жарияланды.Жоспар бойынша сыныптан тыс іс шаралар жоғары деңгейде өтілді.Кітап көрмесі,танымдық сағаттар және мәнерлеп оқу сайысы болып өтті.Апталықтың соңында шараға белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

.      

    

   

 

              Бірлестіктің  екінші отырысындағы жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Қасым Жанар Көсегенқызының «Өзара ынтымақтастық-жемісті жұмыстың бастауы» атты жас мамандармен тренинг сабағы болып өтті .

Мақсаты: Жас педагогтер үшін басты құндылықтарды,жас маман қалыптасуының негізін,бірлескен жұмыстың артықшылықтарын жеткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектебімізде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өткен қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің «Тәуелсіздік пен тіл-тарих тұлпарының қос тізгіні» атты тілдер онкүндігі өткізілді. Бұл онкүндікте іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш онкүндік аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. 02.12.2021ж күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған мектебіміздің директорының орынбасары Дуйсенова Салтанат Бегдильдиновна тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, тәуелсіздігіміздің 30  жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады. Ашылуының лентасын қию мәртебесі мектебіміздегі 9 сыныптың үздік оқушылары Шайда Аян мен Мухтарова Гулназға берілді.  Оқушыларымыз өздерінің дайындаған концерттік бағдарламасын тарту етті.Концертте оқушыларымыз  өлең жолдарын үш тілде оқып, мың бұралған биші қыздарымыз сахнаны сәнге орап, күй тартылып, көрерменді тәнті ете білді.Онкүндіктің жоспарымен екі тілде таныстырып, онкүндік аясында оқушыларымызды белсенді болуға шақырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар бойынша ашық сабақтар өткізілді. 05.12.2021ж

 5 «Б»сыныбында қазақ тілі пәні мұғалімі  педагог-зерттеуші Қасым Жанар Көсегенқызының «Көшпелілер- жауынгер халық» тақырыбында ашық сабағы жоғары деңгейде өтті.Ашық сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, мобильді қосымшалармен тапсырмалар орындалды.Сабаққа мектеп директоры, директордың орынбасарлары және жас мамандар кірді.Бұл сабақтан жас мамандардың алары көп болды.Өзге ұлт оқушыларының қазақ тілін еркін меңгергендігі, сабақта қиналмай тапсырмаларды өте жақсы деген деңгейде орындап шыққанынан байқауға болады.

 

 06.12 .2021ж  ағылшын тілі пәні мұғалімі жас маман Төлеген Толғанай Саянқызының  3«А» сыныбында «Our town» тақырыбында ашық сабағы өтті. Жас маман болса да сабаққа жоғары деңгейде дайындалып, түрлі әдістермен оқушыларды сабаққа қызықтыра білді.Сабаққа қатысқан мұғалімдер өз пікірлерін, ұсыныстарын айтты.Сабақта оқушылар өздерін еркін ұстап,ағылшынша жақсы деңгейде сабаққа қатыса білді.

07.12.2021ж орыс тілі пәні мұғалімі  Абилова Татьяна Петровна 8«Б» сыныбына  «Космос -это мы! Знаки препинания при уточняющих обстоятельствах» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақта топтық жұмыс,жұптық жұмыс, жеке жұмыс болды.Оқушылар сабақтың әр тармағында белсенділігін көрсете білді.Сабақ қызықты әрі тартысты өтті.

 

 

 

 08.12.2021ж  қазақ тілі пәні мұғалімі Костин Куандык Хайдарұлының 5 «А»сыныбында «Уақыттың қадірі» тақырыбында ашық сабағы жоғары деңгейде өтілді. Сабаққа қатысқан мұғалімдер сабақтың қолданылған тиімді әдістерді атап,келесі сабаққа ұсыныстарын жеткізді.

          Онкүндік аясында сыныптан тыс іс-шаралар өтті. 08.12.2021ж   қазақ тілі пәні мұғалімдері: Қасым Жанар Көсегенқызы,Костин Куандык Хайдарұлы,Макишева Эльмира Төлегенқызы,Сембина Тоғжан Сергалина  ұйымдастыруымен   5-9 сынып оқушыларының арасында «Тәуелсіздік тірегі - тіл мен дәстүр» тақырыбында іс-шара болды. Бұл шараның мақсаты: Жас  ұрпақты  ана  тілінің  қадір - қасиетін  түсіне  білуге шақыру.  Олардың  халқына  деген,  тіліне  деген  махаббатын  арттыру.Шарада үш бидің  «Халқымыздың тарихында ел үшін еңіреніп, ұрпағының болашағы үшін алысып өткен кемеңгері, ойшылдары, қайраткерлері аз болмаған.Олардың ең бастылары от ауызды орақ тілді, ақылы асып туған билер. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би. Ел тағдыры сынға түскенде абыздай күңіреніп, арашаға келіп сонау сұңғыла жандардың атқарған қызметі ұшан-теңіз.Оқушыларымыз  билеріміздің шешендігінен бір көрініс қойып,шеберліктерін танытты.Өзге ұлт оқушылары қазақша өлең оқып,күй мен билерін шашу етті.

 

 

 

08.12 .2021ж  орыс тілі пәні мұғалімі Никитина Юлия Александровна 6«Б» сыныбына  «История празднования Нового года». Разряды имен числительных по значению и строению» тақырыбында ашық сабағын өткізді.Ашық сабақта тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды.Сабақ барысы толығымен жоспар бойынша жүріп,мұғалім өз мақсатына жете алды. СаССа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

07.12.2021ж ағылшын тілі пәні мұғалімі Дуйсенова Салтанат Бегдильдиновна  «Films and theatre»  тақырыбында 6 «А»сыныбымен ашық сабақ өткізді.Сабақ барысындағы оқушылардың белсенділігі, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы өте жақсы болды.Сабақ жоғары деңгейде өтті. 09.12.2021ж   орыс тілі мұғалімдері Абилова  Т.П., Кабдушева Г.А., Никитина Ю.А. ұйымдастыруымен - 6 сынып оқушыларымен «Деревенские посиделки» кеші жоғары деңгейде өте қызықты болды.Орыс халқының ұлттық тағамдарын таныстырып,дастарханға тарту етілді.Оқушылар орыс халқының салт-дәстүрімен таныстырып, ертегілер қойылымын қойып,әндер айтылып,би биленіп кештің сәнін келтіре түсті.     

 

 

 10.12.2021ж тарих пәнінің мұғалімі Жанулу Асель Алексеевна 8 «Б» сыныбында  «Переход от политики «военного коммунизма» к НЭПу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабаққа тіл мамандары мен директор және директордың орынбасарлары сабаққа қатысты.Сабақта мұғалімнің психологиялық дайындығы: сыныппен жұмыс жасай білуі; дауыс ырғағы; педагогикалық мәнері; бақылаушылығы; тапқырлығы; сөйлеу мәнері; тұрысы; қимылы;  іс-әрекеті барлығы талапқа сай, жоғары деңгейдегі сабақ деп бағалады.

 

 

 

 

 

 

08.12.2021ж. ағылшын тілі пәні мұғалімі Ханафина Жулдуз Рамазановна  4«Б» сыныбына «Communication around the world»          тақырыбына ашық сабақ жүргізді.  Сабақ кезеңдері сақталды. Оқулықпен және дәптермен жұмыс жүргізілді.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын аударма жұмысынан байқадық.Шет тіл болса да жоғары деңгейде мұғаліммен өзара қарым қатынаста бола білді.Сұрақтарға еркін жауап бере алды.                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

08.12 .2021ж тарих пәні мұғалімі Едрес Жәнібек Шорманұлы

7 «А» сыныбында «1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы қазақтардың көтерілісі»         тақырыбында ашық сабағы өте жоғары деңгейде өтілді.

 

Сабақта оқушылар «Махамбеттің Баймағанбетке айтқаны» өлеңінің қойылымын көрсетті.Тарихтан да әдебиеттен де білімдерін көрсете алды.Сабақтан оқушыларымыздың тәуелсіздікке қалай жеткенімізді,оған дейінгі болған оқиғалады тізбектеп айтуынан тарихымызды өте жақсы деген дәрежеде білетінін аңғардық.               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10.12.2021ж ағылшын пәні мұғалімдері Дуйсенова С.Б, Ханафина Ж.Р,

Төлеген Т.С ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушыларының арасында «Whois the smart?» интеллектуалды ойын болды. Ойынның мақсаты: ағылшын,орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан жас шәкірттерге олардың маңыздылығын сезіндіру,ана тілінің қадір қасиетіне,болашағына қамқор болып,дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру. Ойын тартысты әрі қызықты өтті.

Ойын болғандықтан жеңіс те жеңіліс те болатыны белгілі. Оқушылар ағылшын тілі пәнінен барлық меңгерген білімдерін көрсетіп, бақтарын сынады. Топты жарып шығып, өз білімдерімен ерекше көзге түскен балалар дипломдар мен тәтті сыйлықтармен марапатталды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

          10.12.2021ж қазақ тілі пәні мұғалімі Макишева Эльмира Тулагановна

 4 «Б»сыныбымен  «Дизайнер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бұл сабақта оқушылардың алған білімін жүйелі тексеріп, сабаққа қосымша материалдар пайдаланды. Сабақ барысында әр оқушы өзіне бөлінген тапсырманы толық сапалы орындады. Оқушылардың ойлау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тілге деген жауапкершілігін арттыруда бұл сабақтың берері мол болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         «Тәуелсіздік пен тіл – тарих тұлпарының қос тізгіні» атты тілдер онкүндігінің жабылу салтанаты 13.12.2021ж  концерттік бағдарламамен аяқталды.

Мектебіміздің директоры Суранчинова Карашаш Кайроллиновна өз сөзінде онкүндіктің жоспар бойынша өтіліп, қоғамдық-гуманитарлық  пән мұғалімдері түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білдіргендігін айта түсті. Онкүндіктің соңғы күні салтанатты жабылу кешінде он күн бойы белсенді қатысқан барлық оқушылардың есімдері аталып, дипломлар мен алғыс хаттар берілді.


 

 

 

 

 

2021-2022 оқу жылындағы гуманитарлық пәндер бірлестігі мұғалімдерінің жетістіктері

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша

Оқушы

Марапат

Жетекшісі

Деңгей

1

Фогус Ариана

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған аудандық эссе байқауы1 орын 

Қасым Ж.К

Аудандық

2

Хусей Суфрана

5-6 сыныптар арасында аудандық  пәндер олимпиадасы

1 орын

Қасым Ж.К

Аудандық

3

Артеменко Елена

Мағжан оқулары белсенділік

Қасым Ж.К

Аудандық

4

Артеменко Елена

Республикалық қазақ тілі пәнінен қашықтықтан олимпиада 1 орын

Қасым Ж.К

Республикалық онлайн

5

Радзевилов Артём

Республикалық Ыбырай Алтынсарин оқулары белсенділік

Қасым Ж.К

Республикалық онлайн

6

Ореховская Карина

 

Республикалық "Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің нышаны" атты өзге ұлт оқушылары арасындағы қазақ тілі олимпиадасы: 1 орын

Қасым Ж.К

Республикалық онлайн

7

Фогус Ариана

 

Республикалық "Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің нышаны" атты өзге ұлт оқушылары арасындағы қазақ тілі олимпиадасы: 1 орын

Қасым Ж.К

Республикалық онлайн

8

Дубицкий Матвей

Республикалық "Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің нышаны" атты өзге ұлт оқушылары арасындағы қазақ тілі олимпиадасы: 2 орын

Қасым Ж.К

Республикалық онлайн

9

Мұхамеди Дінмұхаммед

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған аудандық эссе байқауы 2 орын 

Макишева Э.Т

Аудандық

10

Бұхарбаева Аяжан

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған аудандық эссе байқауы 3 орын 

Макишева Э.Т

Аудандық

11

Мұхамеди Дінмұхаммед

Республикалық Фариза оқулары 3 орын

Макишева Э.Т

Республикалық онлайн

12

Елегенова Назерке

Республикалық Фариза оқулары белсенділік

Макишева Э.Т

Республикалық онлайн

13

Бигельдынова Жаннұр

Аудандық Фариза Оңғарсынова оқулары

Костин К.Х

Аудандық

14

Ысқақ Ақниет

Мұқағали Мақатаев оқулары белсенділік

Костин К.Х

Аудандық

15

Ысқақ Ақниет.

"Ұшқыр" Республикалық білім орталығы ұйымдастырған "Ы.Алтынсарин оқулары" байқауының жеңімпазы

Костин К.Х

Республикалық онлайн

16

Костин К.Х

Ұшқыр Республикалық білім беру орталығы. Алғыс хат .

Костин К.Х

Республикалық онлайн

17

Костин К.Х

Удостоверение о повышении квалификации "Современные методики преподавания  русского языка".

 

Город Краснодар, 2021.

 

Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша

Оқушы

Марапат

Жетекшісі

Деңгей

1

Дубицкий Матвей

Республиканский центр дистанционных олимпиада русский язык 1 место

Абилова Т.П

Республикалық онлайн

2

Абилова Т.П

Алғыс хат

Абилова Т.П

Республикалық онлайн

3

Радзевилов Артем

Республиканского конкурс чтецов «Читаем Пушкина всем миром» 1 место

Абилова Т.П

Республикалық онлайн

4

Шайда Аян

Есенинские чтения 1 место

Абилова Т.П

Республикалық онлайн

 

 

 

 

 

Ағылшын тілі пәні бойынша

Оқушы

Марапат

Жетекшісі

Деңгей

1

Оспанов Диас

Dara Bala ағылшын тілі бойынша өткізілген интеллектуалды байқауда

2-орын

Дуйсенова С.Б

Аудандық

2

Арғынбай Нұрәли

Dara Bala ағылшын тілі бойынша өткізілген интеллектуалды байқауда

2-орын

Дуйсенова С.Б

Аудандық

3

Құсман Айдос

Dara Bala ағылшын тілі бойынша өткізілген интеллектуалды байқауда

2-орын

Дуйсенова С.Б

Аудандық

4

Хусей Фахима

Dara Bala ағылшын тілі бойынша өткізілген интеллектуалды байқауда

2-орын

Дуйсенова С.Б

Аудандық

5

Урманбаева Алина

Dara Bala ағылшын тілі бойынша өткізілген интеллектуалды байқауда

1-орын

Дуйсенова С.Б

Аудандық

6

Шорман Мади

Dara Bala ағылшын тілі бойынша өткізілген интеллектуалды байқауда

2-орын

Дуйсенова С.Б

Аудандық

7

Кусман Ислам

Dara Bala ағылшын тілі бойынша өткізілген интеллектуалды байқауда

2-орын

Дуйсенова С.Б

Аудандық

8

Сағи Ханбибі

Аудандық ағылшын тілінен өткізілген "өнер және шығармашылық" сайысына мәнерлеп оқу сайысынан 3 орын

Дуйсенова С.Б

Аудандық

9

Шорманова Жанель

Аудандық ағылшын тілінен өткізілген "өнер және шығармашылық" сайысына мәнерлеп оқу сайысында белсенділік

Дуйсенова С.Б

Аудандық

10

Кабкен Сұлтанбейбарыс

5-6 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиадасы аудандық кезеңіне қатысқаны үшін марапатталды

Дуйсенова С.Б

Аудандық

11

Сағи Ханбибі

Dara Bala ағылшын тілі бойынша өткізілген интеллектуалды байқауда 1-орын

Төлеген Т.С

Аудандық

12

Бектобай Мұхаммедияр

Dara Bala ағылшын тілі бойынша өткізілген интеллектуалды байқауда 1-орын

Төлеген Т.С

Аудандық

13

Шорманова Жанель

Dara Bala ағылшын тілі бойынша өткізілген интеллектуалды байқауда 2-орын

Төлеген Т.С

Аудандық

14

Елегенова Томирис

Республикалық 3 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырылған онлайн олимпиада

Төлеген Т.С

Аудандық

15

Бигельдынова Жаннұр

Республикалық 5 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырылған онлайн олимпиадада

Төлеген Т.С

Аудандық

16

Таңатқызы Айкөркем

Республикалық 5 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырылған онлайн олимпиадада 2орын

Төлеген Т.С

Аудандық

17

Сағи Ханбибі

Аудандық ағылшын тілінен өткізілген өнер сайысы “Art and creativity” сайысында  3 орын

Төлеген Т.С

Аудандық

18

Елегенова Назерке

Аудандық ағылшын тілінен өткізілген өнер сайысы “Art and creativity” ән байқауында белсенділік

Төлеген Т.С

Аудандық

19

Бектобай Анель

Аудандық ағылшын тілінен өткізілген өнер сайысы “Art and creativity” ән байқауында сайысында белсенділік

Төлеген Т.С

Аудандық

20

Шорманова Жанель

Аудандық ағылшын тілінен өткізілген өнер сайысы “Art and creativity” ән байқауында сайысында белсенділік

Төлеген Т.С

Аудандық

21

Бектобай Мұхамедияр

Аудандық ағылшын тілінен өткізілген өнер сайысы “Art and creativity” ән байқауында сайысында белсенділік

Төлеген Т.С

Аудандық

22

Габбасов Тимур

Аудандық шығармашылық  "Art and creavity "сайысысында  "Let's learn poem " номинациясы бойынша белсенділігі үшін.

Ханафина Ж.Р

Аудандық

23

Артеменко Елена

Аудандық шығармашылық  "Art and creavity "сайысысында  "Let's learn poem " номинациясы бойынша белсенділігі үшін.

Ханафина Ж.Р

Аудандық

Тарих пәні бойынша

Оқушы

Марапат

Жетекшісі

Деңгей

1

Едрес Ж.Ш

Қ.Р Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры” атты аймақтық семинарды ұйымдастырып өткізгені үшін сертификат берілді.

 

Аудандық

2

Кусман Айдос

6-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпияданың аудандық кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша 2 орын

Едрес Ж.Ш

Республикалық онлайн

3

Базарбай Ислам

9-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпияданың аудандық кезеңіне Қазақстан тарихы пәні бойынша қатысқаны үшін 

Едрес Ж.Ш

Республикалық онлайн

4

Едрес Ж.Ш

Педогогтердің цифрлық құзырлығын дамыту курсы

 

 

5

Сейткулова А

6-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпияданың аудандық кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша 2 орын

Жанулу А.А

Аудандық

6

Жанулу А.А

Қ.Р Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры” атты аймақтық семинарды ұйымдастырып өткізгені үшін сертификат

Жанулу А.А

Аудандық

7

Габбасов Тимур

Республикалық қашықтықтан олимпиада Қазақстан тарихы бойынша 2 орын

Жанулу А.А

Республикалық онлайн

8

Алғыс хат

Республикалық қашықтықтан олимпиада Қазақстан тарихы бойынша оқушы дайындағаны үшін

Жанулу А.А

Республикалық онлайн

Қараменді батыр ауылының негізгі орта мектебінде педагог-психолог болып жұмыс атқаратын жас маман Әшім Оразкүл Хамитқызы 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған мектепте өзін-өзі тану пәнінен сабақ береді. Жұмысқа жауапкершілікпен тиянақтылықпен қарайды. Осы жылдар ішінде облыстық, аудандық,мектепішілік  іс-шараларға  белсенді қатысып келеді. Қолынан білім беру мен қатар қолөнер жасау қырларында көрсеткен. Жалпы жетістіктеріне тоқталатын болсақ: Аудандық онлайн байқау «Ұлы дала елі» АЛҒЫС ХАТ, Республикалық шығармашылық байқауда кәсіби бағдар беру АЛҒЫС ХАТ марапатталған. Сонымен қатар педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарына қатысқан. Олар: «Өрлеу» сертификат, 2021-2022ж «Назарбаев Зияткерлік мектебі» психологтардың біліктілігін арттыру сертификаты, 2021-2022ж «Педагогтердің цифрлық құзіреттілігін арттыру» сертификат, 2021-2022ж «Развитие региональных практик психологического сопровождения в образовании и социальный сфере» сертификат. 2021-2022ж Аудандық «Психология әлемі» фестифалінен 9 А сынып оқушысы Мұқтарова Гүлназды қатыстырып, 3 орын иеленді. 2021-2022ж Педагог – психологтарға арналған  біліктілікті арттыру бойынша сертификат. 2021-2022ж Аудандық семинар ұйымдастырып өткізгені үшін мақтау қағазымен  марапатталды.2021-2022ж

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 27.04.2023 15:27
Құрылған күні: 26.01.2024 15:45

Текст